Жол апатына түскен әйел өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кеткен (видео)

Dalanews 05 мам. 2022 03:14 800

Перуде өлді деген бір әйел өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп, туыстарына тірі екенін білдірірген. Әйелдің туыстары енді өз ісіне жүрдім-бардым қараған дәрішерлерді сотқа бермекші, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mail сілтеме жасап.

36 жастағы Роза Изабель Сеспеде Каллака есімді әйел өзінің күйеу баласы және үш бірдей жиенімен жол-көлік апатына түсіп, оқиға орынында ер адам тіл тартпай кетеді. Ал Роза Изабель мен үш бала жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Арда біршама уақыт өткеннен кейін дәрігерлер әйелдің жан тапсырғанын туыстарына хабарлайды.

Бұдан кейін оның туыстары жылап-сықтап әйелді жер қойнауына тапсырмақ болып, табытқа салып, табытты бетін шегелей бастағанда Роза Изабель оянып кетіп, өзінің тірі екені жайында туыстарына білгі берген.


Сол сәтте туыстары полиция мен дәрігерлерді шақырып, Роза Изабельдің өмірін сақтап қалу үшін арнайы аппартқа қосқан. Өкінішке орай, дәрігерлер арнайы аппаратқа қосқаннан кейін бірер сағаттан кейін Роза Изабель көз жұмды.

Роза Изабельдің туыстары жол-көлік оқиғасынан кейін дәрігерлер тиісті медициналық көмек көрсетудің орнына туыстарын моргке апарғанын айыптап, құқық қорғау органдарына арыз берді. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары өз ісіне салғыт қараған медицина қызметкерлерін тергеуде.

[video width="1024" height="576" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/05/1024x576_MP4_6620606654589780750.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар