Жыланбаев аштық жариялады

Dalanews 25 қаң. 2024 10:26 1191

Желаяқ Марат Жыланбаев үкімі жойылмайынша аштық жариялайтынын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп. 

Бұған дейін Астана қалалық соты апелляциялық шағымды қанағаттандырмаған еді.

«Марат [апелляциялық] соттың шешімі туралы білмеді. Ол оны білген бойда бұл шешімге наразылық білдіруді ұйғарып, үкімі жарамсыз болғанға дейін мерзімсіз ереуіл жариялайтынын мәлімдеді", - дейді оның адвокаты Мейіржан Досқараев.


Жыланбаев аштық жариялау туралы арыз жазған, тек су ішеді.

60 жастағы желаяққа былтыр 29 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында тыйым салынған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны, оның қызметіне қатысқаны үшін үкім шықты.

Сот үкімімен Жыланбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалану құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Сурет: kaztag.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар