Жетісудың кәсіпкерлері көпбалалы отбасыларға үй алып беруде

Dalanews 19 нау. 2019 03:28 885

Алматы облысының Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері көп балалы әрі  жалғыз басты 3 бірдей отбасыға үй алып берген, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді. Жақында Кербұлақ ауданында жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында өткен бұл шара барысында Сарыөзек ауылында орналасқан «Алацем» зауытының бас директоры Станислав Щербаков, 0әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үйдің кілтін табыстады.

– 2013 жылы күйеуімен ажырасқанмын. Үш баламен үйсіз пәтерден пәтерге көшіп жүргеніме 5 жылдан асты. Балаларым оқушы, тапқан табысым олардың киімі мен тамағынан артылмайды. Енді міне үлкен әрі таза өзіміздің шаңырағымыз бар, – дейді қуаныш иесі Жұмағыз Медетова.

Қоғалы ауылының азаматы, мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Қайрат Бекиев, сол ауылдың алты баланың анасын Айгүл Ешпаеваға үй сыйлап қуанышка кенелтті. Ал, Талдыбұлақ  ауылының азаматы Кален Тұрсынбаев алты баламен үйсіз жүрген Надежда Лемешкоға осы ауылдан жайлы баспанаалып берді.

Сонымен қатар, Қаспан ауылының кәсіпкерлері Сламбай Тоқабаев және Виталий Тарасенко 11 баланың анасы Гүлназ Шакенова менәлеуметтік жағдайы төмен 3 балалы отбасыға  қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.

«Мейірімділік – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Ана-өмірдегі ең үлкен құрметке лайық адам. Сондықтан да, көп баланы дүниеге әкеліп, ұлтымыздың көбеюіне үлкен үлес қосып жүрген аналарға қуаныш сыйлау-біз үшін үлкен бақыт» –  дейді жеке кәсіпкер Қайрат Ботайұлы.

Әз-наурыз қарсаңындашаңырақтарында шаттық орнап, бала-шағаларының қуанышында шек болмаған аналар өз тараптарынан қайырымды жандарға шексіз алғыстарын жеткізді.Бұлигілікті шара әлі де жалғасынтабабермек.



Меруерт МАХМҰТЖАН

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар