Жетісу облысында прокуратура кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласқан шенеуніктің әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қадағалаушы органның мәліметінше, оқиға Панфилов ауданында орын алған. Аталған аудандағы әкімнің орынбасары “Үркер” ЖШС-не Жаркент қаласындағы жұмыс істеп тұрған автовокзалды қаладан тыс аумаққа көшіру туралы талаппен хат жолдаған.
Прокуратура жүргізген мониторинг пен тексеру нәтижесінде бұл әрекеттердің заң талаптарына қайшы келетіні және кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретіні анықталған.
"Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, бизнеске заңсыз араласқаны үшін аталған шенеунік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 190 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынды", – делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.
Кәсіпкердің құқы толықтай қалпына келтірілді.