Жетісу облысында жерлер мемлекетке қайтарылды

Көркем Алдабергенова 12 қаң. 2026 09:40

Жетісу облысында «Ардагерлер саябағына» іргелес жатқан жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сотта Талдықорған қаласы прокурорының «Ардагерлер саябағына» іргелес орналасқан жалпы ауданы 4,1 гектар жер учаскесін жеке тұлғаға беру фактісін заңсыз деп тану және аталған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Қадағалау іс-шаралары барысында көрсетілген жер учаскесі орман-саябақ аймаққа жататыны және 2006 жылы заң талаптарын бұза отырып жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.

Кейіннен жер учаскесі 44 жеке учаскеге бөлініп, 13 тұлғаға сатылған.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Жетісу облысының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы аумақтарды сақтау бағытындағы жұмысты тұрақты негізде жүргізуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар