Жетісу облысында діни ахуалға тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізіліп тұрады

Dalanews 22 қыр. 2022 03:52 1228

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» радикалды, деструктивті және тоталитарлық діни ағымдардың ықпалынан зардап шеккен азаматтарды оңалту және дәстүрлі дінге бейімдеу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады.

Сәйкесінше, облыс көлемінде нақтыланған тізімге сәйкес дәстүрілі діни ағымдар мүшелерінің статистикалық санын бақылап, оларға психалогиялық көмек көрсетумен қатар «Жусан» арнайы операциясымен елге оралған азаматтармен, діни себеппен бас бостандығынан айырылған жазасын өтеушілер және пробация есебінде тұрған азаматтармен жұмыс жүргізумен айналысады.

Кеше ғана құрылған мекеме нысаналы топ өкілдерін қамти отырып, өңірлік және республикалық деңгейде діни экстремизмге қарсы іс-қимылмен қатар әдістемелік практикалык іс-шараларды атап айтқанда, лекциялар, семинар-тренингтер және езге де акпараттык-түсіндіру және профилактикалық  шараларды ұйымдастырып, интернет кеңістікте деструктивті діни ағым ұстанушыларына қарсы контрнасихат жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі күні облыстағы діни ахуалға тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізіліп, сол арқылы қоғамдағы түйіткілді діни сипаттағы мәселелерді  анықтап, әлеуметтік зерттеуде жасалуда.

Жалпы алғанда Жетісу облысы аумағында діни ахуал тұрақты. Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда өңірде барлық жауапты органдар мен басқармалар жұмыла қызмет атқаруда.

Өңірде 11 конфессияға тиесілі 250 діни бірлестіктермен филиалдары өз қызметін жүзеге асыруда. Діни ғимараттар саны 247-і құрайды.


Аймақтағы ислам мешіттерінің саны 200 болса, мұндағы имам саны 203-ті құрайды.

– Жетісу өлкесінде түрлі этникалық топтар тұрады. Олардың басым бөлігі Панфилов, Қаратал ауданы мен Талдықорған қаласының тұрғындары болып табылады. Өзге дінді ұстанатын азаматтардың санының көптігіне қарамастан аймақта жоғарыда көрсетілген ақпараттарды назарға ала отырып, ҚМДБ-ға қарасты имамдар мен мешітке келуші жамағаттар арасында ұлтқа бөлінушілік мәселелері орын алған жоқ, – дейді Дін істері бөлімінің басшысы Динара Мұратқызы.

Жетісу өңірінде биылғы жылға арналған деструктивті діни ағым ұстанушыларының дерекқорына 400 адам көлемінде жүктелді. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдармен (ҚР ҰҚКД) қажетті контингенттер тізімі жаңартылып жасақталуда.

Мәліметтерге сүйенсек, олардың ішінде  мадхалиттер – 239, мадхалиттер емес – 99, Таблиги жамағат  жақтастары – 60, «Жусан» нысандары 2-еу болып шықты. Өкінішке орай, бұл тізімде 70-і әйелдер болса, 330-ы ерлер қауымы.

Жат ағымның жетегінде жүргендер қатарында қазақтарда бар. Олардың саны 299-ды құрайды. Сонымен қатар 5 – әзірбайжан, 10 орыс ұлтының өкілі,  үшеуі еуі татар, 1 өзбек пен 82 ұйғыр бар.

Ағымдағы жылдын басынан 296 деструктивті діни ағымдар жақтаушыларымен жеке оңалту жұмыстары жүргізіліп,  мадхалиттер – 177, мадхалиттер емес – 80, Таблиғи жамағаттан – 37, Жусан нысандарынан екі адам қамтылды.


Дін істері бөлімінің басшысы Динара Мұратқызының айтыуынша, әзірге Жетісу облысында оңалту жұмыстары тек тізімдер бойынша жүргізіледі, тізімнен тыс нүктелі жұмыстар жүргізілген жоқ.

Айта кетеу керек, оңалту жұмыстарын жалғастыру мақсатында 2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жанынан «Діни оңалту бөлімі» құрылып (басқарма меңгерушісі Аманқұлов Хасан Ташаұлы), бұйрық бойынша бұл жұмыстарға Жетісу өңірінен 13 діни қызметкер бекітілген.

Жетісу облысы бойынша топқа кірген 13 имам, оның ішінде: Талдықорған және Текелі қалалық мешіттерінің 4 имамы, Панфилов, Ақсу, Сарқан, Кербұлақ, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарының мешіттерінен 7, Алакөл, Кербұлақ аудандарындағы ауылдық мешіттерден 2 имам кірді.  Топ жетекшісі Талдықорған қаласындағы облыстық «Иман» мешітінің ұстазы Жардыбай Ережеп болып бекітілген екен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар