Жетісу облысы жаппай жарықсыз қалды: бүкіл өңірде электр қуаты өшірілді

Ақтоты Жапатова 01 там. 2025 17:47

2025 жылғы 1 тамызда Жетісу облысында электр қуаты өшіп, жарықсыз қалды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

«ТАТЭК» АҚ компаниясының мәліметінше, сағат 14:00-ден бастап Талдықорған қаласын қоса алғанда, Жетісу өңірінің барлық аумағында тұрғын үйлерде, инфрақұрылым нысандарында және әлеуметтік мекемелерде электр жарығы өшіп қалған.

Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша жарық толық қалпына келтірілмеген. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған тиісті мамандар мен жедел қызмет өкілдері жұмылдырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар