Жетісайда сүт өңдеу ісі жолға қойылып келеді

Dalanews 21 жел. 2018 14:51 764

Бүгінде Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында индустриалды инвестициялық аймақ құру жұмыстары жалғасуда. Әзірге жер телімі іздестіріліп, бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, ауданда сүт өңдеу зауыттарының санын артып, желтоқсан айының соңына дейін Қарақай ауылдық округінен сүтті қайта өңдеу цехы ашылды.

Аталған жобаның құны 100 мың АҚШ долларын құрайды. Қазір мұнда Түркиядан әкелінген құрал-жабдықтар орнатылған. Жергілікті мамандар арнайы оқудан өтіп, іске қосу жұмыстарына дайындалуда. Нәтижесінде  Жетісай ауданында сүт өңдейтін екі кәсіпорын болады. Оның біріншісі – Асықата кентінде бұрыннан жұмыс істеп келеді. «Ақ алтын Береке» ЖШС-гі 2008 жылы құрылған. Кәсіпорын жылына 400 тонна сүт өнімдерін өңдейді. 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдері негізінен облыс аумағында саудаланады. Сүт зауытына қажетті сүттерде аудандағы ауыл-аймақтардан жиналады. Бұл өз кезегінде ауыл халқының әлеуметтік жағдайының жақсаруына азда болса септесетіні анық. Бұл жайында аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев Түркістан қаласында журналистермен кездесуінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар