Жетісайда бюджет қаржысы толық игерілді

Dalanews 20 жел. 2018 14:32 845

Жетісай ауданы бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 2018 жылға 4 айдың жоспары 359,1 млн теңге ол жыл соңына дейін толығымен орындалғанын Түркістан қаласында журналистердің басын қосып, брифинг ұйымдастырған аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев алға тартты.

Әкімнің айтуынша бюджеттің шығыс бөлігі жоспарланған қаржы 7 млрд  924,9 млн. теңге болса, соның жоспарланған қаржы 99,9 пайызға орындалған. Қазіргі таңда ауданның жалақы мен басқа да төлемдер бойынша қарызы жоқ. Осылайша жыл басында бөлініп шыққан аудан аз ғана уақытта дамудың даңғыл жолына түскенін байқадық.

Сол сияқты ауданның экономикалық дамуын анықтайтын өнеркәсіп саласында 10 айда 3,7 млрд.теңгені құрап, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 100 пайызға орындалған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 1,7 млрд теңгені құрап,  нақты көлем индексі 98,1 пайызға жетті. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру 1,3 млрд теңге, нақты көлем индексі 102,4 пайыз, сумен жабдықтау көлемі 620 млн. тенге, нақты көлем индексі 106,5 пайызды құрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар