Freedom Inside '26

Жеті жыл бойы қазынадан 130 млн теңге жеген есепшіге сот үкім шығарды

Жеті жыл бойы қазынадан 130 млн теңге жеген есепшіге сот үкім шығарды

Астана қаласында мектеп есепшілері бюджеттің қомақты қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтаған.

– 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады. Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – делінген хабарламада.

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілген. Үкім заңды күшіне енді.