Алматы облысында Сейсмикалық белсенділіктен зардап шеккен мектептер мен колледжде күрделі жөндеу жүргізіледі,-деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сейсмикалық белсенділіктің нәтижесінде 2024 жылдың ақпанында облыстың 8 мектебі мен 1 колледжінде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі зақымданулар, соның ішінде қабырғадағы жарықтар мен іргетастың ішінара бұзылуы тіркелді.
Атап айтсақ, Іле ауданы Түймебаев ауылында №20, Боралдай ауылында №40 орта мектептер, Еңбекшіқазақ ауданы Қаипов ауылы Қазақстан орта мектебі, Жамбыл ауданы Еңбекшіарал орта мектебі, Қайназар №2 орта мектебі, Ұйғыр ауданы Хамраев атындағы, Шырын, Дардамты орта мектептері, Шонжы политехникалық колледжінің шеберханасы.
Қазіргі уақытта барлық зардап шеккен білім беру объектілері үшін техникалық қорытындылар мен жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалуда, олардың негізінде күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
Жөндеу жұмыстарын қаржыландыру төтенше жағдайларға арналған резерв қаражаты есебінен жүзеге асырылады.