Жер сілкінісіне төзімді Қазақстан: құрылысқа жаңа талаптар енгізіледі

Самал Асқар 22 қаң. 2026 11:26

Елімізде сейсмикалық қауіп-қатерді азайтуға бағытталған жаңа нормалар бекітілмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді сейсмоқауіпті аймақтарда салынатын ғимараттар арнайы жүйелермен жобаланып, құрылыс басталған сәттен бастап тәуекелдер міндетті түрде бағаланатын болады.

Жаңа талаптарға сәйкес:
– жобалау кезінде сейсмооқшаулаушы жүйелер қолданылады;
– құрылыс барысының барлық кезеңінде сейсмикалық қауіп пен тәуекел бағаланады;
– ғимараттардың конструкциялары сейсмотөзімділікке міндетті түрде сынақтан өтеді;
– сейсмоқауіпті өңірлердегі тұрғын және қоғамдық ғимараттар паспортталады;
– I деңгейдегі жауапкершілікке жататын нысандарға инженерлік-сейсмометриялық станциялар орнатылады;
– құрылыс алаңдары сейсмикалық факторлар мен микробөліктеу деректерін ескере отырып таңдалады.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар апат кезіндегі тәуекелді азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жаңа нормалар әсіресе Алматы, Жетісу, Түркістан секілді сейсмикалық белсенді өңірлер үшін маңызды болмақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove