Жемқорлық жайлы хабарлағандар 10 млн теңгеге дейін сыйақы алады

Dalanews 13 ақп. 2020 09:25 887

13 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі алаңында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама жасаған азаматтарға берілетін сыйақының сараланған жүйесі тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 32 қаулысымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу қағидаларына түзетулер қабылданды.

Баспасөз конференцияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ерік Бишібеков сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жүйесі туралы айтып өтті.

"Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен (2 651 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша-сыйақы сомасы қылмыстың санатына 30 АЕК-ке –тен 100 АЕК-ке дейін (79 530-дан 265 100 теңге) құрайды. Егер параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен асса (2 651 000 теңге) – сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды, бірақ сыйақының сомасы 4 000 АЕК-тен (10 604 000 теңге) аспауы тиіс", – деді спикер.

Спикер, сонымен қатар, Қағидалар жобасын әзірлеу кезінде мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан өтінішті беру тетігін жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көтермелеуге ұсынылған материалдарды қарастырудың ішкі алгоритмін нақтылау бөлігінде ұсыныстар берілді. Аталған ұсыныстар қабылданып, Қағидаларға енгізілді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені үшін немесе өзге де түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайту сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.

"Хабарлаушыларды көтермелеудің ұқсас жүйесі бірқатар шет елдерде (Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Гонконг) табысты қолданылады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни а. ж. 15 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі", - деп қосты спикер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар