– Үкімет Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы қаулыны бекітті. Енді ЭЫДҰ қатарындағы көптеген елдердегі секілді сараланған сыйақы болады, – деді А. Шпекбаев.
2019 жылдың қорытындысына арналған агенттіктің алқа мәжілісінде. Осы орайда ол сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10 пайызын алатынын жеткізді.
«Ең жоғары сыйақы мөлшері 10 млн 600 мың теңгені құрайтын болады. Бұл жаңашылдықтар азаматтарды жемқорлықпен нақты күреске барынша тартуға елеулі серпін береді деп есептейміз» – деді агенттік басшысы.