"Жеке яхта мен бизнес-джеттер". Путиннің екі баласы туралы тың деректер белгілі болды

Көркем Алдабергенова 05 қыр. 2024 13:07 5471

Ресей президенті Владимир Путиннің балаларына қатысты тың деректер шықты. Ресейлік "Досье" жобасы РФ басшысы мен көркем гимнаст Алина Кабаеваның балалары туралы зерттеу жасаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Жоба мәліметінше, Путин мен Кабаеваның Иван және Владимир атты балалары бар. Екеуі де резиденцияларда халықтан оқшауланып өмір сүріп, яхта мен бизнес-джеттармен саяхаттайды. Иван мен Владимирдің қауіпсіздігіне федералды күзет қызметі жауапты, олардың қасында тәулік бойы бала күтуші жүреді. Ағайындылар өзімен қатар достарымен көп араласпайды, тек мейрам кезінде ғана кезедесетін көрінеді. Тіпті ата-анасы Путин мен Кабаеваны да сирек көреді екен.

"Досье" деректері бойынша, Иван мен Владимир туралы ақпарат мемлекеттік ақпарат базасында жоқ. Себебі екеуіне де туғаннан қорғауға арналған құжаттар жасалған. Ол әдетте барлаушылар немесе мемлекеттік қорғаудағы адамдарға жасалатын құжат. Екеуі нақты қашан өмірге келгенін жақындары мен туыстары ғана біледі. 

Иван мен Владимир қарапайым рейстермен ұшпайды, олардың жеке ұшақтары бар. Екеуі де балабақшаға да, мектепке бармайды. 

Бұқаралық құралдар беттерінде Путин мен Кабаеваның үш баласы бар деген ақпарат бар. Алайда президенттің резиденциясында жұмыс істейтін қызметкер мұны жоққа шығарып, екеуінің тек екі ұлы барын айтқан. "Досье" қызметкердің шын мәнінде резиденцияда жұмыс істейтініне көз жеткізген. 

Владимир Путин мен Алина Кабаеваның жеке өмірі - Ресейдегі ең құпия ақпараттардың бірі. Путин ресми түрде 1983 жылы бірінші әйелі Людмила Шкребневаға үйленіп, 30 жылдан кейін екеуі ажырасып кеткен. Олардың Мария Воронцова және Катерина Тихонова атты екі қызы бар. 

фото: kremlin.ru

Путин Кабаеваға 2008 жылы үйленген деген ақпарат бар. Ал 2015 жылы Алина Кабаева тұңғышын босанса, 2018 жылы екінші ұлын өмірге әкелген. 

Иван мен Владимир тұратын резиденцияда қызмет ететін адамдар жақын маңдарда тұрады. Резиденцияда Путиннің екі ұлы үшін барлық жағдай жасалған. Ол үшін резиденциядан да шығудың қажеті жоқ. 

"Досье" мәліметінше, балалар таңғы 8-9-да жиналып, бала күтушімен және мұғалімдерімен таңғы ас ішеді. Артынша 30-45 минут сабақ оқып, кейін ойын ойнайды. Одан соң түскі демалысқа кетіп, оянғаннан кейін спортпен айналысады. Кешкі 8-ден кейін балаларды жүргізуші алып кетеді.  

Владимир Путин балаларымен жиі кездеспегенімен олармен ойнауға уақыт табатын көрінеді. Мысалы кешкі уақытта Путин үлкен ұлымен хоккей ойнайды. Президент хоккей жаттығуына келе алмаса оның орнына командаға қызметкерлердің бірі қосылады. Ал егер ұлы әкесімен ойнаса, мұз алаңына Путин, ұлы мен күзет қызметкері шығады екен.   

Путин мен Кабаева балалары анасы секілді кәсіби спортшы болғанын қалайтын көрінеді. Себебі балалар барып тұратын барлық резиденцияда гимнастика мен бассейн үшін қажет спорт кешені бар екен. Одан бөлек, Иван мен Владимирде жүзу мен гимнастиканы үйрететін жеке жаттықтырушылары бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар