– Елбасы Н.Назарбаев Жарлығын жариялаған соң Түркістан облысының әкімдігі Түркістан қаласына көшірілді. Осында қызмет жасап жатқан түрлі басқармалар мен департаменттерде қызмет етіп отырған мемлекеттік қызметкерлердің арасынан бір-бірін тауып, жас мамандар тұңғыш рет шаңырақ көтеріп отыр. Бұл да облыс үшін қуантарлық жайт. Отбасы - қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасымыздың «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Мемлекет басшымыздың өзі отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп отыр. Ендеше, жас жұбайларды заңды некелерімен құттықтаймын! Көтерген шаңырақтары берік болсын , – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Сонымен қатар, облыс әкімі жас отбасыға әкімшілік-іскерлік орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйден кезексіз баспана алу сертификатын табыс етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі