Жастар білімдерін арттырып, еліміздің дамуына үлес қосуы тиіс

Dalanews 14 жел. 2019 10:57 1065

2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен «Жастар жылы» деп жарияланып, елімізде жастарға көп қолдау көрсетілген болатын.

Жыл бойы көптеген игі жұмыстар мен жаңа бастамалар қолға алынып, еліміздің барлық аймағынан белсенді жастар өздерін жан-жақты дамытып, өз мүмкіндіктерін көрсетті.

10 желтоқсан күні «Жастар жылының» ресми жабылуында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің шәкірт ақысы көбейетінін айтып, жастарды тағы да серпілтті. Бұл жаңалық барлық студент жастарды қуантып қана қоймай, әрі қарай шабыттандыра түскені анық.

2020 жыл елімізде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Осыған орай, жастар білімдерін арттырып, елімізді дамыту жолындағы жұмыстарда белсенділік танытқан жөн.

Мен үшін мемлекет тарапынан берілген бұл мүмкіндіктер таңдаған мамандығым бойынша өзімді білікті маман ретінде қалыптастыру жолында өз үлесін қосатынына сенімдімін.

Тоғжан Ибрагим, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың хореография мамандығының студенті

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар