Жыл басынан бері Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеді,деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Әрбір мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Бұл құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Балалардың құқықтық санасын арттыруға ерекше назар аударылады. “Ерлік сабағы” тәрбие сағаттары мен жеке қауіпсіздікке арналған сабақтар өткізіледі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар 30%-ға, ал жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар 2,1%-ға азайды», – деді Сарғұлов.
Спикердің айтуынша, жүйелі профилактика жүргізу мақсатында 2026–2030 жылдарға арналған «Балалар Қазақстаны» тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілген. Құжат аясында профилактикалық акциялар, тұрғылықты жері бойынша тексерулер, мектептерде дәрістер өткізу, сондай-ақ «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары қарастырылған.
ІІМ өкілдері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатынын атап өтті.
