Жаркентте жүгері жинау науқаны басталды

Dalanews 01 қаз. 2020 08:30 603

Панфилов ауданында жүгері жинау науқаны басталды. Әр гектардан шаруа қожалықтары 64,1 центнерден өнім жинауды жоспарлап отыр.

Жалпы, 26 мың гектардан астам жерден 167,3 тонна жүгері жиналады. Биыл облыста жүгерінің егіс алқабы 124 гектарға ұлғайтылған.

Панфилов ауданы әкімдігі хабарлағандай, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 1 миллиард 20 миллион теңге инвестиция тартылды. 48 арнайы техника сатып алынды. «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ арқылы 5 шаруа қожалығы 305 миллион 955 мың теңге несие алды.

Ал 44 жеке кәсіпкерге 142,4 миллион теңге көлемінде жеңілдік шарттарында қаржылық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, облысқа шаруа қожалықтары үшін арзандатылған бағамен сатылған 380 тонна дизель отыны жеткізілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар