Жиында айтылғандай, Алматы облысында қазіргі кезде 253 спорт әдіскерібар. Оның 65% бұрын спорт саласында жұмыс жасамаған, сонымен қатар кадрлар тұрақсыздығы да байқалады.
2014-2018 жылдары әдіскерлер тарапынан 12 мың спорттық-бұқаралық шаралар өткізіліп, оған 540 мыңға жуық адам қатысқан. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бұл көрсеткішті өте төмен деп бағалап, кейбір нұсқаушылардың 4 жыл ішінде 19-25 спортивтық-бұқаралық шара өткізгенін сынға алды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының, аудан, қала әкімдері орынбасарларының есебін тыңдаған Ж. Омар спорт нұсқаушыларының қызметін бағалаудың рейтингілік жүйесін енгізуді тапсырды.
– Спорт әдіскерлері бұқаралық спортты дамытумен айналысуы керек, олардың басты міндеттері осы. Ортақ нәтиже әрбір нұсқаушының жұмыс сапасына байланысты түзіледі, – дей келе облыс әкімінің орынбасары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына нұсқаушылардың жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ сәйкес біліміжоқ нұсқаушылар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруды міндеттеді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
https://dalanews.kz/35616