Осы уақыт аралығында комиссия ортақ шешімге келіп, құжатты дайындап, Ақордаға тапсыруы қажет. Алғашқы басқосу әдемі өтті. Көптен бері Қазақ елі азаматтарының басы қосылған жиын шығар. Мына жаққа қарасам Бақытжан Сағынтаев пен Мұхтар Құл-Мұхаммед келе жатыр. Мына жаққа қарасам Мұхтар Тайжан мен Бекболат Тілеухан келеді. Оның ар жағында Айдос Сарым мен Ерлан Қарин. Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Шаханов, Жүрсін Ерман, Жақсылық Үшкемпіров ағаларымызға дейін орнынан қозғалмай әрбір комиссия мүшесінің пікірін тыңдады. Түскі асқа ешкім ешқайда кеткен жоқ.
Журналистерге қандай да бір қысым болған жоқ. Бәрі ашық, еркін. Сондықтан да «әй, бұл жиыннан нәтиже көріп отырған жоқпын», «бәрібір ештеңе шықпайды» деп монитордың ар жағында байбалам салып отырған қыңыр-қырсықтардың ұрандарын өздеріне қалдырыңыздар. Қайта жақсы тілекте болайық. Ел боламыз десек, жерімізді бөтенге бермейміз десек, бірлік, құрмет ең бірінші орында тұруы тиіс. Әр азамат әр жаққа қарап ысқырса, бір-бірін тыңдамаса, берекеміздің қашқаны сонда болар.
Тағы да айтамын, жұмыс енді басталды. Әлдекімдерді жерге қатысты жазбаларыммен мазалап қойсам, кешірім сұраймын.
Азамат Битанның ФБ жазбасы