Еліміздегі ең ірі «Богатырь» көмір кенішінде жүзеге асып жатқан жаңғырту жұмыстары біздің сөзімізді қуаттай түседі. Бұл ретте алып кен орыны көмірді өндіру мен тасымалдаудың заман талабына сай технологияларын еңгізіп, жұмыстарын жетілдіруді көздеп отыр.
Екібастұз қаласында орналасқан «Богатырь Көмір» серіктестігі қазір жыл сайын 42 млн тонна көмір өндіріп келеді. Ал жаңғырту жұмыстан кейін көмір өндірудің көлемі бір жылда 50 млн тоннаға дейін жоғарлайтын болады. Мамандардың айтуынша, «Богатырь» разрезінде жүзеге асырылып жатқан «Көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясы» жобасы еңбек өнімділігін арттырып, көмір өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізетінін айта кетуіміз керек.
Қазіргі таңда алып кеніштегі «Богатырь» мен «Северный» кен орындарында көмір ашық тәсілмен өндірілетіні белгілі. Бірінше кеніште жылына 32 млн тонна көмір өндірілсе, екіншісінде 10 млн тонна көмір қазып алынады.
«Богатырь» көмір кенішінде 2019 жылдан бастап қолға алынған жаңғырту жұмыстары кезінде жерүстіндегі темір жол ілмектері, кірме автожолдар, көмір тиеу пункттерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілсе, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап разрез ішінде уату-тиеу пункттерін, конвейерлерді, орташаландыру қоймаларын салу жұмыстар қарқан алған болатын.
Сала басшыларының айтуынша, қазіргі таңда «Богатырь Көмірге» 104 млн еуроның жабдықатары толықтай жеткізілген. Бұл жалпы жоспарланған көлемнің 98,8% құрайды.
«Богатырь Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 60 пайызы құраса, елімізде өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы осы кенішке тиесілі.