Мұнда активтерді заңсыз алып шығару жағдайларын жоюға, оларды өз ерікмен немесе мәжбүрлеп қайтаруды бастауға арналған ережелер кіреді. Осылайша, уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпаратын талдау нәтижелері бойынша тұлғалар өз активтері туралы арнайы декларацияны тапсыруы қажет.
Сол арқылы олардың шектеулі тізілімін қалыптастыру жоспарлануда.
Егер мүліктің иесі активтердің шығарылу жағдайын мойындай алмаса, олар негізсіз сатып алынған деп танылып, мемлекет кірісіне айналдырылады.
Ал қайтарылған активтер қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыруға пайдаланылмақ.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Қаңтар оқиғасынан кейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің байлығын иемденген адамдар жайлы бірнеше рет айтты.
Tax justice network ұйымының мәліметінше, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорлы ұйымдарға 140–160 млрд доллар шығарылған. Кейбір сарапшылар шығарылған қаражат бұдан да көп болуы мүмкін дейді.
ОСЫ ТҰСТА...
Экс-президент Назарбаевтың ата жауы саясаткер Мұхтар Әблязов бір ажалдан аман қалғанын хабарлады. Толығырақ: t.me/dalainside/1101