Қаржы министрі Мәди Такиев жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мен жалақымның қанша екенін білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай сетка бар. Сондықтан мен осы сетка бойынша жалақы алатын боламын.
Сіздің сұрағыңыз бойынша 1 млн теңгеден асады, шамамен 1,5 млн теңге аламын. Мұнда менің еңбек өтілім ескеріледі", - деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Еске салайық, 6 ақпанда Мәди Тәкиев Қаржы министрі болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол 2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі болған еді.