Жаңа конституцияны 88,6% халық қолдаған - экзитпол нәтижесі

Dalanews 16 нау. 2026 05:15

Қазақстанда жаңа конституцияны қабылдау жөніндегі ұлттық референдум бойынша алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының деректеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы конституциялық өзгерістерді қолдаған. Ал дауыс беруге қатысу деңгейі 73,8% болған.

Ұқсас нәтижені Еуразиялық интеграция институтының экзитполы да көрсетті — дауыс бергендердің 86,7%-ы өзгерістерді қолдап, «иә» деп жауап берген.

Ал «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының зерттеуіне сәйкес, жаңа Конституцияны қолдау деңгейі 88,6%-ға жеткен. Бұл ретте сайлаушылардың 72,1%-ы дауыс беруге қатысқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove