Жамбылда оқушылардың орнына ҰБТ тапсырған мұғалімдер жазаланған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Orda.kz мәліметінше, Жамбыл облысындағы тестілеу комиссиясы академиялық адалдықты сақтамаған қызметкерлерді ұстаған. Қордай ауданының 2 мектебінде қызмет ететін мұғалімдердің ҰБТ тапсырғаны белгілі болды.
Мектептердің бірінде тексеріс келген-кеткенін білу үшін қорап ішінде телефон жасырылғаны анықталды. Тексеріс шығып кеткен сәтте олар аудиторияға кіріп, оқушыларға тест жауабын белгілеуге көмектесіп отырған.
Ал екінші мектепте компьютер өзі тест жауабын белгілеп отырған.
Айта кетейік, министрлік мәліметінше, еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан аса оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеп бітіреді.