Жамбыл облысының Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Dalanews 10 ақп. 2020 16:13 825

Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды.

Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді.


Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды.

2017-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Арман Молдиярұлы Оразалиев Ішкі істер министрінің бұйрығымен кадр резервіне ауысумен атқаратын қызметінен босатылды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар