Жамбыл облысында бюджеттен 209 миллион теңге жымқырылған

Көркем Алдабергенова 08 ақп. 2024 11:17 1411

Жамбыл облысында бюджет қаражаты жымқырылған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Меркі" тәжірибелік шаруашылық" ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған

Бұл дерек бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасымен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркелді.

Күдіктінің біреуіне қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар