Жаманқұлов өзіне тағылған айыптармен келіспеді

Dalanews 09 нау. 2017 12:00 938

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқырды деген айыптармен келіспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 

Медеу аудандық №2 сотында "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша басты соты отырысы өтіп жатыр. Айыптау актісі оқылғаннан кейін судья "Тоғыз сотталушы кінәсін мойындай ма?" деген сұрақ қойды.

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов: "Жоқ, мойындамаймын".

Режиссер Талгад Жәнібеков: "Жоқ, мойындамаймын".

"Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина: "Кінәмді толықтай мойындаймын".

"Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі директоры Гауһар Ысқақова: "Атқарылған жұмыстардың актілеріне тексерусіз қол қойғанымды мойындаймын".

Картина редакторы Гизат Сұлтанов: "Мойындамаймын".

Жеке кәсіпкер Илья Коробейников: "Ішінара".

Картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев: "Ішінара".

"Феникс" фильмінің дайындық кезеңіндегі түсірілім тоыбының директоры Мәрлен Әбішев: "Толықтай мойындаймын".

ЖШС өкілі Данияр Маратұлы Әбдіқадыров: "Мойындамаймын".

Айта кетейік, осымен бірнеше жыл бойы "Феникс" фильміне қатысты дау тоқтайтын емес. 2015 жылы белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министріне киноны түсіру жұмыстарына кедергі жасағаны үшін айып тапқан еді.

Олардың айтуынша, ведомство қаражатты дер кезінде аудармаған. Кино түсірушілер тіпті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдаған еді. Олар Президенттен осы жобаны қаржыландыруға қатысты мәселені шешуге көмек сұраған болатын.

Ал кейінірек мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғаларының қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануына қатысты тергеу жұмыстары басталды. 2016 жылы Талғад Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынын жемқорлықпен айналысты деп айыптаған еді, алайда соңында режиссердің өзіне айыппұл салынды. Содан күз айында Жемқорлыққа қарсы қызметтің Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғад Жәнібековке қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды. Оларға фильмді түсіруге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдік келді.

Кейінірек осы қылмыстық іске қатысы бар делінген басқа фигуранттар анықталды.

Тергеу мәліметінше, 2012 жылы режиссер Талғад Жәнібеков Тұңғышбай Жаманқұловқа "Феникс" фильмін түсіру туралы идеясын айтқан. Сондай-ақ, сценарийді Талғад Жәнібеков пен Гизат Сұлтановтың ("Joker" фильмінің сценарийін жазған, 2013 жыл) жазғаны айтылады. Ол Халық әртісінен осы жобаны іске асыру үшін мемлекеттік қаржыландыруды алуға көмектесуін сұраған. Содан Жаманқұлов көмек көрсетуге келіскен.

Бастапқыда Жаманқұлов Әбдіқадыров есімді азаматты өзі басшылық еткен Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС директоры етіп тағайындаған. Тергеу мәліметінше, компанияны негізінде Жаманқұловтың өзі басқарған, ал Әбдіқадыров бухгалтерлік және басқа да құжаттарға қол қойып отырған.

Сондай-ақ, тергеу мәліметінше, халық әртісі ұлттық фильмдердің өндірісі бойынша мемлекеттік тапсырысты тек "Қазақфильм" АҚ орындайтынын білген және ол акционерлік қоғамнан ақшаны тек қосалқы мердігерлік ұйымның алатынын білген. Осылайша, Тұңғышбай Жаманқұлов 2013 жылдың сәуір айында Сұлтановпен, Жәнібековпен және Әбдіқадыровпен келісімшарт жасасқан.

"Жаманқұлов ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениет комитетінің ұлттық фильмдернің 2017 жылға арналған жоспарына "Феникс" киножобасын қосып жіберген", - делінген айыптау актісінде. Тергеу мәліметінше, 2014 жылдың наурыз айында ведомство ішінде "Феникс" фильмі бар тақырыптық жоспарды бекіткен. Онда фильмді өндіруге 550 миллион теңгенің бөлінетіні көрсетілген.

Сондай-ақ, сол жылы "Қазақфильм" АҚ мемлекеттен фильмдерді өндіруге екі миллиард 155 миллион 122 мың теңге алған. Бұл сомаға "Феникс" фильмінің алдын ала түсірілімдеріне жұмсалатын 100 миллион теңге де бар.

Тергеу мәліметінше, Жаманқұлов 2014 жылдың мамыр айында мемлекеттік қаржыны жымқыру ісіне Талғад Жәнібековті, Гизат Сұлтановты және Наталья Юдинаны тартқан. Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер анықтағандай, Жаманқұлов өзін "Феникс" фильмінің бас продюсері етіп тағайындаған. Ал Жәнібеков – кинокартинаның режиссері, Юдина фильмнің атқарушы продюсері болса, Сұлтанов фильмнің редакторы қызметіне келген.

"Осылайша Жаманқұлов мемлекеттік қаржыны жымқыруды ұйымдастырумен қатар, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге міндеттерін айтып отырған. Яғни, Жаманқұлов оларға қажетті ақшаны қалай және қай уақытта, қалай жұмсау керек екені жайлы түсіндіріп отырған. Өз кезегінде Жәнібеков, Сұлтанов, Юдина пайдакүнемдік ниетпен осы іске қатысуға келісімін берген. Олар Тұңғышбай Жаманқұловпен алдын ала келісімге келіп, оған мемлекеттік қаражатты жымқыруға көмектескен", – делінген айыптау актісінде.

Тергеу мәліметінше, Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС 2014 жылдың 17 наурызынан 2015 жылдың 2 сәуіріне дейін "Қазақфильмнен" "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне 79,1 миллион теңге алған. "Қазақфильм" сәуір айында картинанын қашан түсірілетінін белгілеген. Сонымен қатар, Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер Жаманқұловтың компаниясының фильмнің дайындық мерзімін уақтылы түсірмегенін анықтады.

Тергеу мәліметінше, Халық әртісі атқарылған жұмыстардың жалған актісін дайындап, сол құжатты Юдина тапсырған.

Тергеу мәліметінше, Жаманқұлов "Қазақфильм" қызметкерінсіз ешқандай да жоспарын жүзеге асыра алмайтынын білген. "Жаманқұлов анықталмаған себептерсіз осы қылмыстық іске Гаухар Ысқақованы ("Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры) тартқан", – делінген айыптау актісінде.

Тергеу мәліметінше, Гаухар Ысқақова есептегі жұмыстардың ешқайсысы орындалмаса да, атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қойып отырған. Осылайша тергеу TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-тың  "Феникс" фильмін түсіруге қаржыны дер кезінде және толық төлеуіне қарамастан келісім бойынша қажетті жұмыстарды атқармағанын анықтады. Ақшалар қалай қолма-қол ақшаға айналдырылған?

Тергеу мәліметінше, Юдина жеке кәсіпкерлердің компанияларын тауып, сол арқылы TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС ақшасы жұмсалған. Тергеу қызметіндегілер Жаманқұловтың Юдинаға ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, фильм түсірілімдеріне түскен алты миллион теңгені өзіне жіберуді тапсырған. Осылайша Юдина компаниядан 5,6 миллион теңге алып шыққан. Айыптау актісінде Юдинаның Жаманқұловтың тапсырмасын орындау мақсатында танысы – "Alma Store" ЖШС директоры Марлен Әбішевті шақырғаны айтылады.

Содан олар келісімшарт жасасқан. Тергеушілер Марлен Әбішевтың осы қызметі үшін миллион теңгеге жуық ақша алғанын анықтады. Кейінірек Юдина одан тағы бір компания тауып беруін сұраған. Содан сотқа дейінгі тергеу барысында Марлен Әбішевтің өтемақы ретінде осы соманың 7 пайызын өндіріп алғаны және "АлекШ" ЖШС жалған кәсіппен айналысатын ұйымның жалған бухгалтерлік құжаттарын алғаны анықталды. Яғни, 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айында тауар қызметтеріне 1,3 миллион теңге жұмсалған.

Тергеу мәліметінше, осы соманың 940290 теңгесі өтемақы үшін кетсе, қалған 1,2 миллион теңге Жаманқұловтың сейфында тұрған. Сондай-ақ, тергеу мәліметінше, Марлен Әбішев осы көмегі үшін шамамен 1,4 миллион теңге алған.  Ал ақшаның келесі бір бөлігін Юдина тағы бір танысы – Юрий Коробейниковтың көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырған. Ол қазіргі уақытта күдікті ретінде жүр. Сонымен қатар, Юдинаның сотқа дейінгі тергеу барысында Коробейников басқарған "Skarabei studio" компаниясының басшысынан қанша ақша алғаны анықталды.

Тергеу мәліметінше, Коробейников осы сомадан көмек көрсеткендерге 3,9 миллион теңге берген. Ал 2,3 миллион теңге есепші Жүнісова мен Жаманқұловтың сейфінде тұрған. Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер Юдинаның жекеменшік жүргізуші арқылы компаниядан 659 мың теңгені жұмсағанын анықтаған. Ол жүргізушіге 300 мың теңге беріп, қалғанын есепшіге қалдырған. Тергеу мәліметінше, қалған 717 мың теңгені Жүнісова қолма-қол ақшаға айналдырған. Барлық қаражат Жаманқұловтың сейфінде тұрған. Қызметкерлердің жалақысы.

Тергеу мәліметінше, қалған қаражат Юдинаның, Жәнібековтің, Сұлтановтың және "Феникс" фильмнің директорының жалақысы ретінде саналған. Режиссер Талғад Жәнібеков жалақы алып тұрған, бірақ іс жүзінде ешқандай да міндеттерді атқармаған. Сондай-ақ, Жәнібековтің іс-сапарлары мен Алматыда пәтер жалдауына да қаражатың жұмсалғаны айтылады.

Ал сценарий авторы Гизат Сұлтанов жайлы айтатын болсақ, тергеу мәліметінше, ол бостан босқа жалақы алып отырған. Сұлтанов ресми түрде кинокартина редакторы болып көрсетілген. Сондай-ақ, тергеу мәліметінше, Юдина Жаманқұловтың бұйрығымен Сұлтановтың әйелін режиссердің көмекшісі қызметіне алған. Тергеу мәліметінше, ол Сұлтановтың жалақасын өсіру мақсатында жасалған. Алайда тергеу мәліметінше, оның әйелі Халық әртісінің компаниясында жұмыс істеп жүргенін білмеген. Жұмысқа алу туралы өтініші Сұлтановтың өзі жазған. Сондай-ақ, тергеу қызметіндегілер Юдинаның да міндеттерін орындамағанын анықтады. Ол Жәнібековке туысы арқылы қосымша ақша аударып отырған.

Тергеу мәліметінше, Юдина туысының атынан компанияға режиссердің көмекшісі болатыны жайлы келісімшарт жасасқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында әйелдің ақшаның барлығын Юдинаға беріп отырғаны анықталды. Ал қаражаттың келесі бір бөлігін Юдина қызметкердің бірінің атынан қолма-қол ақшаға айналдырған. Кейінірек тергеу мәліметінше, Юдина өзінің екінші бір танысы Бижан Әбішевті екінші режиссер қызметіне алған. Ол да қазірі уақытта осы істен күдікті ретінде өтіп жатыр. Басқа фигуранттара сияқты Бижан Әбішев те қызметтерін орындамаған.  Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында өз міндеттерін атқармаған, оның ішінде Жаманқұловтың жүргізушісіне жалақының беріліп отырғаны анықтады. Тергеушілер бірақ қаражаттың Жаманқұловтың іс-сапарларына жұмсалғанын анықтады. Осы істегі тағы бір күдікті – Данияр Әбдіқадыров.

Тергеу мәліметінше, ол Юдинаның танысы болған. Айыптау актісінде көрсетілгендей, ол әйелінің атына тіркелген "Addvanced studio" компаниясы арқылы мемлекеттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Тергеу мәліметінше, осы компания мен Жаманқұловтың компаниясы трейлер мен графикалық элементтер жасау үшін келісімшарт жасасқан. Әбдіқадыровтың әйелінің айтуынша, ол бұл туралы білмеген де. Тергеу мәліметінше, "Addvanced studio" жеке компаниясына 14,5 миллион теңге аударылған. Данияр Әбдіқадыров болса, бұл қаражатты жеке мүддесіне жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында Әбдіқадыровтың осы картинаның супервайзер болғаны және сол үшін 26 мың теңге алғаны анықталды. Содан тергеу мәліметінше, Юдина 102 адамға 21 миллион теңгеден аса ақша аударған. Қалған соманы – 2,1 миллион теңгені есепші Жүнісова Жаманқұловтың бұйрығымен шешіп алған. Олардың 300 мың теңгесі фильмге қатысы жоқ заңгерге аударылған. Ал 1,8 миллион теңге сейфке салынған. Сотқа дейінгі тергеудің басталуына байланысты Жаманқұлов бұл қаражатты қолданып үлгермеген.

Тергеу мәліметінше, Жүнісова қылмыстық істің басталғанын біле сала, қаражаттың барлығын ЖШС есебіне аударған. Осылайша, Тұңғышбай Жаманқұлов, Наталья Юдина, Талгад Жәнібеков, Гизат Сұлтанов, Гауһар Ысқақова ҚР Қылмыстық кодексінің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша күдікті болып отыр. Илья Коробейников, Марлен Әбішев, Бижан Әбішев, Данияр Әбдықадыров ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы, 189-бабының 5-бөлігі және 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын.

Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол – "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", – делінген еді хабарламада. Ал кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтаған болатын.

 

фотолар kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар