Жасанды интеллект негізіндегі құрылғылар экожүйесін дамытып келе жатқан әлемдік бренд HONOR Қазақстанда танымал X Series желісінің сәнді толықтыруы болған жаңа HONOR X8d смартфонын ресми түрде таныстырды. Модель стильді, интеллектуалды функцияларды және жоғары автономдылықты бағалайтын пайдаланушыларға арналған. HONOR X8d өте жұқа корпусын, сыйымдылығы арттырылған 7000 мА·сағ аккумуляторын және жасанды интеллекттің кеңейтілген мүмкіндіктерін үйлестіре отырып, ыңғайлы әрі заманауи пайдаланушылық тәжірибе ұсынады.
Өте жұқа дизайн және өз класындағы үздік автономдылық
HONOR X8d небәрі 7,5 мм болатын өте жұқа әрі жеңіл корпусымен ерекшеленеді. Ол премиум сыртқы келбет пен қолға жайлы сезімді үйлесімді біріктіреді. Заманауи микро нано текстура технологиясы корпусқа айқын жылтыр береді, ал талғампаз металл жақтау құрылғының әсемдігін айқындай түседі.
Смартфон 7000 мА·сағ сыйымдылықтағы аккумулятормен жабдықталған, бұл өз баға сегментіндегі ең үздік автономдылық көрсеткіштерінің бірін қамтамасыз етеді. Пайдалану уақыты 52 сағатқа дейін жетеді, TÜV Rheinland сертификатымен расталған. Сондай-ақ батарея 6 жылға дейін елеулі тозусыз жұмыс істеуге қабілетті. Сынақ нәтижелері бойынша құрылғы бір қуатпен 31 сағатқа дейін бейне көруге мүмкіндік береді.
Аккумулятор температурасының көп нүктелі мониторинг жүйесінің арқасында смартфон –20 °C пен +45 °C аралығындағы температурада тұрақты жұмыс істейді, бұл оны әртүрлі климаттық жағдайларда сенімді серік етеді. HONOR SuperCharge 45 Вт жылдам сымды қуаттау қолдауы зарядты тез толықтыруға мүмкіндік береді, ал қуаттағыш құрылғымен бірге жеткізіледі.

ЖИ интеллектуалды батырмасы — өзара байланыстың жаңа деңгейі
HONOR X8d жасанды интеллект функцияларына жедел қол жеткізуге арналған арнайы физикалық батырмамен жабдықталған. Бір рет басу жиі қолданылатын қосымшалар мен пәрмендерді лезде іске қосады, ал ұзақ басу кеңейтілген ЖИ мүмкіндіктерін ашады: нысандарды интеллектуалды іздеу, ЖИ субтитрлер, ЖИ мәтін енгізу және жеке деректерді қорғау функциялары.
Смартфон Android 16 негізіндегі MagicOS 10 операциялық жүйесінде жұмыс істейді және Magic Capsule, Magic Portal, AI Memories, AI Settings Agent, Google Gemini Assistant секілді кең ауқымды интеллектуалды мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл HONOR X8d ті жұмысқа да, күнделікті өмірге де әмбебап көмекші етеді.
Кез келген жағдайда сенімділік пен қорғаныс
Жұқа корпусына қарамастан, HONOR X8d жоғары беріктік көрсетеді. Құрылғы SGS Premium Performance Certification of Drop & Crush Resistance сертификатына ие және 2 метрге дейінгі биіктіктен құлауға төтеп бере алады.
Смартфон IP65 қорғаныс деңгейіне ие, бұл оны шаң мен ылғалдан қорғайды. Құрылғы 0,5 метр тереңдікте 1 минутқа дейін суға қысқа уақыт батырылғаннан кейін де жұмысқа қабілетті екенін дәлелдейтін сынақтардан өткен, сондықтан белсенді өмір салты үшін сенімді таңдау.

Жасанды интеллект қолдауымен фото сурет түсіру
HONOR X8d 108 МП Ultra Clear AI негізгі камерасымен жабдықталған, ол күндіз де, түнде де жоғары айқындық пен қанық түстерді қамтамасыз етеді. Сапаны жоғалтпай 3 есе зум түрлі фокустық қашықтықта әсерлі кадрлар жасауға мүмкіндік береді.
HONOR Connection технологиясы әртүрлі экожүйелер арасындағы кедергілерді жойып, «жанды» фото суреттерді iOS құрылғыларына оңай жіберуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар смартфон тікелей құрылғыда суреттерді өңдеуге арналған AI Eraser, AI Upscale, AI Cutout, AI Outpainting секілді ЖИ құралдарының кең жиынтығын ұсынады.
Флагман деңгейіндегі өнімділік пен дисплей
HONOR X8d 6,77 дюймдік OLED дисплеймен жабдықталған. Ол 1,07 млрд түсті, 120 Гц жаңарту жиілігін және HDR кезінде 3000 нитке дейінгі ең жоғары жарықтықты қолдайды, бұл қанық бейне мен интерфейстің тегіс жұмысын қамтамасыз етеді.
Көзді қорғау үшін 6 арнайы технология енгізілген:
3840 Гц ШИМ жарықтық реттеу, циркадтық түнгі режим, динамикалық күңгірттеу, жарықтықты жайлы бейімдеу, көк жарықты азайту және «Электронды кітап» режимі.
Өнімділік үшін Snapdragon 6s 4G Gen 2 процессоры жауап береді. HONOR RAM Turbo технологиясы жедел жадты 16 ГБ баламасына дейін (8 ГБ физикалық + 8 ГБ виртуалды) кеңейтіп, ұзақ қолданғаннан кейін де көп тапсырмалы режимде жайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 256 ГБ қа дейінгі ішкі жад деректер мен контентті сақтауға жеткілікті кеңістік ұсынады.

Түстері, бағасы және қолжетімділігі
HONOR X8d Аспан көгі, Барқыт сұр және Барқыт қара үш сәнді түсте ұсынылған.
Смартфон HONOR дың барлық ресми сауда нүктелерінде сатылымға шықты. Ұсынылған бөлшек бағасы:
• 8 ГБ + 128 ГБ нұсқасы — 169 990 теңге
• 8 ГБ + 256 ГБ нұсқасы — 179 990 теңге.
HONOR бренді туралы
2013 жылы құрылған HONOR — интеллектуалды құрылғылардың жетекші жаһандық жеткізушісі. Біз серпінді технологиялық бренд ретінде әлемнің барлық пайдаланушыларына кез келген сценарийде, кез келген арнада және барлық санаттағы адамдар үшін ақылды өмірді қамтамасыз етуді мақсат тұтамыз. Инновация, сапа және сервис ті басты бағыт ете отырып, HONOR бүкіл әлемдегі адамдарға мүмкіндіктерін кеңейтуге және инновациялық өнімдер портфелі арқылы жаңа интеллектуалды әлем құруға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлейді.
Толық ақпарат HONOR-дың https://www.hihonor.com/kz/ ресми сайтында жарияланған.
