Home Card Lite иелері осы жылдың алғашқы 3 айында 556 миллион кэшбэк бонусын алды

Dalanews 04 мам. 2023 03:00 1237

Төлемдер үшін Home Card Lite картасын таңдаған қазақстандықтардың саны артып келеді.


Осы жылдың 1 қаңтары мен 30 наурызы аралығында карта иелері 10 миллиард теңгеден астам сомаға 1,6 миллион транзакция жасап, сол арқылы 555,5 миллион кэшбэк бонустарын алды.

Тұтынушылардың көбі картаны жанармай құю бекеттерінде, супермаркеттерде және коммуналдық төлемдерді төлеген кезде пайдаланған. Өйткені, Home Card Lite дәл осы санаттар үшін картаны ашқаннан кейін алғашқы 90 күн ішінде 10%, 90 күннен кейін – 5% кепілдік берілген кэшбэк қайтарады. 


Сондай-ақ, ай сайын өзгеретін 10% кэшбэк үшін қосымша санат бар. Мәселен, мамыр айында кинотеатрлардан билет сатып алғаныңыз үшін кешбэк аударылады. Сізге түскен кэшбэкті ақшаға, яғни 1 бонусты 1 теңгеге айырбастап, картаға аудара аласыз. Кэшбэк лимиті айына – 10 000 бонус, ал жарамдылық мерзімі – 6 ай.

 Айтпақшы, Home Credit Bank-те қазір мынандай акция бар. Егер 14 мамырға дейін Home Card Lite картасымен төлесеңіз, GLOVO тапсырыстарыңызды тегін жеткізіп береді.


Егер сізде бұл карта әлі жоқ болса, онлайн немесе банк бөлімшесіне барып аша аласыз. Картаны жеткізу тегін. Толық ақпарат мына жерде.
2022 жылғы 17 тамыздағы ҚНРДА берген № 1.2.36/40 лицензия

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар