Hermes сөмкесімен пара алған шенеунік жоғары лауазымға тағайындалды

Қаракөз Амантай 24 сәу. 2025 10:59 205

Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған Сәкен Мұсайбеков Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президентіқызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұсайбеков 2021 жылы пара алу фактісімен аты шыққан. Ол кезде шенеунікті Астана әуежайында, Дубайға ұшқалы тұрған сәтінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметқызметкерлері ұстаған. Тексеру барысында оның жанынан Hermes брендінің әйелдер сөмкесі мен 5 мың АҚШ доллары табылған.

2025 жылдың басында Мұсайбековтің мемлекеттік қызметке қайта оралуға тырысып жатқаны белгілі болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар