Halyk және Qazkom банкоматтар желісін біріктіру үдерісін бастады

Dalanews 10 шіл. 2017 10:07 799

"Қазақстан Халық банкі" АҚ және "Қазкоммерцбанк" АҚ банкоматтық желілерді біріктіру үдерісін бастады. 10 шілдеден бастап Halyk және Qazkom карталарын ұстаушылар үшін банкоматтан қолма-қол ақша алу кезіндегі қосымша комиссиялардың алынуы тоқтатылады.Енді Halyk және Qazkom клиенттері біріккен банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан қолма-қол ақша аларда ешқандай айырмашылық көрмейді.

2017 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша, Халық банкінің банкоматтар желісі 2367 құрылғыны ұсынып отыр, соның ішіндегі 559 банкоматтың cash-in функциясы бар, Қазкоммерцбанктің банкоматтар желісі 2292 құрылғыны құрады. Олардың 465-індеқолма-қол ақша қабылдау функциясы жабдықталған. Қазіргі таңда Халық банк 6 млн карта ұстаушыларға қызмет көрсетсе, ал Қазкоммерцбанкте – 2 млн астам, Қазақстанның экономикалық белсенді азаматтарының көпшілігі екі банктің біріктірген банкоматтар желісінің артықшылықтарын пайдалана алады. Айта кетейік, Қазақстандағы әрбір екінші банкомат Halyk+Qazkom банкоматтар желісі болып табылады.

Қолма-қолсыз төлемдер нарығы белсенді түрде дамып жатқандығына қарамастан, қаражатты банкомат арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру Қазақстандағы ең танымал банктік операциялардыңбірі болып табылады. Ресми статистика бойынша, тек 2017 жылғы сәуір айында ғана  қазақстандықтар 683,2 млрд теңгеге осы сынды 17,6 млн транзакцияны жүргізген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар