"Гулянканы" тікұшақ бастады (видео)

"Гулянканы" тікұшақ бастады (видео)
Интернеттен күнде адам естімеген, көз көрмеген дүниенге куә боласың. Оның бірі шетелде емес елімізде болып жатқанын байқағанда, не істеріңзде білмейсің. Бүгін Отырар.кз сайтында "Шымкент-Ташкент" жолының бойында тікұшақ бастап бара жатқан той кортежін көріп таңқалдық.

Тікұшақтың қымбат көліктермен қатарласа жүруі қауіпті. Мұндай пилотажды бұрын-соңды еш жерде болмағаны анық. Шындығында, бұл - сұмдық, шектен шыққандық. тойынғандықтың белгісі. Енді бай-манаптар аспанда той кортежін ұйымдастырып, ҚТЖ-ның пойыздары облыс-облысты аралауға жалдап алса таңқалудың қажеті жоқ. Осы қарқынмен кете берсек, аз жылда НАСА-ны мұрнынан тесіп, жетектеп алып, Айда той жасайтын күніміз де алыс емес шығар?

Той қазақты бұзып бітті. Қазақтың тойы дарақылыққа айналды. Аста-төк той жасауға тыйым салатын кез жетті. Болмаса, той кортежі бастайтын тікұшақтар жерге құлап, талай адамды мерт құлуы мүмкін ғой.  Сол күнді күтуіміз керек пе?

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=y-9M80GWb1s