Гүлмира Сатыбалдының тағы қандай іске қатысы бар?

Сағыныш Сардарова 30 сәу. 2025 17:50 219

Гүлмира Сатыбалдының тағы қандай іске қатысы бар? Антикор өкілі жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров "Восточка" тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты іске байланысты жаңа мәліметтерді жариялады.

Агенттік өкілі Антикор Гүлмира Сатыбалдының осы іске қатысы бар-жоғын тергеп жатқанын растады.

"Агенттік "Восточка" көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу кезіндегі заңсыз әрекеттер дерегі бойынша Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр", - деді Антикордың ресми өкілі Астанада өткен брифингте.

Айта кетейік, "Восточка" тұрғын үй кешеніне кіретін 24 үйдің құрылысына байланысты эпизод Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша былтыр маусымда қаралған болатын. Ол кезде бұл үйлердің "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазынамен" келісімшарт негізінде BAUR Development Group компаниялар тобына кіретін бір компания арқылы салынғаны айтылған еді.

Еске салайық, 2023 жылы Гүлмира Сатыбалдыға екі рет сот үкімі шыққан еді.

  • 2023 жылы маусымда Қызылорда соты "Бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру" бабы бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айырды.
  • Оның алдында Астана соты "Адам ұрлау" (125-бап) және "Өзінше билік ету" (339-бап) баптары бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны 7 жылға соттаған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар