Ақмола облысында шетелден көлік жеткізіп беруге уәде еткен танысына миллиондаған теңге берген тұрғын сан соғып қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Астрахан ауданындағы ауылдардың бірінде болған. 2024 жылдың қазан айында жергілікті тұрғынның ауылдасы оған Грузиядан Toyota Highlander маркалы автокөлік әкелуге көмектесетінін айтқан.
Оның сөзіне сенген ер адам көлік сатып алу үшін 3,1 млн теңге табыстаған. Алайда арада уақыт өтсе де, автомобиль Қазақстанға жеткізілмеген. Тапсырыс орындалмаған соң жәбірленуші берген қаржысын қайтаруға әрекеттенгенімен, нәтижесіз болған.
Осыдан кейін тұрғын полицияға арызданды. Аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.