Гренландияның сыртқы істер министрі Вивиан Моцфельдт америкалық әкімшілік өкілдерімен кездесуден кейін берген сұхбатында жылап жібере жаздады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Біз өз ведомствомызда аз құраммен жұмыс істесек те, барынша тырысып, табанды еңбек еттік. Әдетте мұндай сөздерді айтуды ұната бермеймін, дегенмен бұл жолы айтайын: біз өте мықтымыз, қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", - дейді министр.
Алайда, оның сөзінше, соңғы күндері министр эмоцияға "қатты беріліп" жүр.
"Бұл да түсінікті. Соңғы күндер ауыр өтті. Дайындығымызға қатар күшейген қысым да өте қатты болды. Соған қарамастан, мынаны айтқым келеді: біз үкімет ретінде мықтымыз. Біздің жұмысымыз – Гренландия халқы өз елінде өзін қауіпсіз сезініп, тыныш әрі сенімді өмір сүруі. Осы мақсатқа жету үшін бар күшімізді салып жатырмыз және бұл жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз", - дейді Вивиан Моцфельдт.
Сәрсенбі күні Дания мен Гренландияның сыртқы істер министрлері Ақ үйде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және вице-президент Джей Ди Вэнспен келіссөз жүргізді. Алайда АҚШ-тың Гренландияға қатысты ұстанымын өзгерту мүмкін болмады.
Министр кездесуге дайындық күшейіп келе жатқан қысым жағдайында өткенін атап өтті.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Даниядан Гренландиядан «кетуді» талап еткен болатын.
