Айтулы шарада Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "ӘзіретСұлтан" мемлекеттіктарихи-мәдениқорық-музейінің Қожа Ахмет Ясауидің мұралары және Түркістан өңіріндегі киелі-тарихи жерлері жайлы көрмесінің лентасын қиды.
Туристік әлеуеті дамыған алпауыт елдердің көшбасшы туристік орталықтары қатысатын шараның басты мақсаттарының бірі – қазақстандық туристік нысандар мен тарихи орындардың маңызын таныстыру, тәжірибе алмасуға бағытталған.
Көрмеге қорық-музей қорынан 1871-1872 жылдары түсірілген А.Кунның фотоальбомынан туындылар және кесененің әр жылдардағы бейнелері мен Түркістанның көріністері, тайқазан, шырағдан суреттері, Қожа Ахмет Ясауи мен тайқазанның макеттері көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ, Ясауи кесенесі мен Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасы, Гаухарана, Укашаата кесенесі мен құдығы, Сауран қалашығысынды тарихи орындардың 3D тур нұсқасы Елбасымыздың цифрландыру жүйесі негізінде дайындалып, халықаралық көрмеде алғаш рет көрсетіліп, көзілдірік арқылы таныстырылды.
Сонымен қатар, қорық-музейдің тарихи орындары мен музей хақында үштілде жарық көрген буклет кітапшалары мен жәдігерлердің каталог кітаптары көрме экспозициясынан орыналды.
Шараға қатысушы қазақстандық делегаттар ұлттық киімдер киініп, қазақтың төл өнері күй, дәстүрлі әндерді орындап, ұлттық тағамдар мен "Асық ату", "Арқантарту" сынды ойындарды да насихаттауда.
Айта кетсек, бұған дейін "Әзірет Сұлтан" мемлекеттіктарихи-мәдениқорық-музейі ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Түркия Республикасында да көрмеұйымдастырып, бірқатар ірі қалаларына Ясауи мұраларын насихаттаған болатын. Еуропалық мәдениеттің дамуына үлкен әсер ете отырып туризм саласыдамыған, әсем ландшафты аралдарға бай Греция жеріне АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция азаматтары көптеп ағылып, қызықты әрі тарихи орындарымен танысуға бейім. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығы, Түркістан қаласының облыс орталығы атануына байланысты қорық-музей басшысы Нұрболат Ахметжанов бастаған делегаттар Грецияға жасалған сапар барысында бірқатар туристік келіссөздер жүргізіп, мәдени-тарихи мұраларды дәріптейді.