«GGG — Сондерс жекпе-жегі 10 маусымда Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда. Головкин наурыздың 18-і күні Джейкобспен кездесетіндіктен, бұл мәліметті әлі ешкім ресми түрде растауға батпай отыр«,
— деп жазыпты Барбоза өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұрын баспасөзде хабарланғандай,
биыл жазда Головкин мен Сондерс Қазақстанда кездесуге келіскен. Бұл бокс кешін EXPO-2017 күндері өткізу қарастырылған,
ал EXPO-2017 баспасөз қызметі боксшылар арасында мұндай келіссөздер болғанын растаған.
Геннадий Головкин британиялық боксшымен WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізбек.