«Генетикалық егізіңді құтқар»: ШҚО-да донорлық акция өтті

Dalanews 07 там. 2024 19:21 2469


6-7 тамыз күндері ШҚО-да «Генетикалық егізіңнің өмірін құтқар!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Бұл күндері гемопоэтикалық дің жасушалар донорларының қатарына өңірдің 32 тұрғыны қосылып, олар Қан орталығының грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 


Сүйек кемігі – гемопоэзді (қантүзілім) жүзеге асыратын адамның гемопоэз жүйесінің маңызды органы, яғни өлетін және жойылатындардың орнына жаңа қан жасушаларын құру үдерісі. Өз консистенциясы бойынша ол қанға ұқсас, негізінен жамбас сүйектерінің, қабырғалардың, төс сүйектерінің ішінде болады. Оның массасы дене салмағының 3-6% құрайды.
Көптеген онкологиялық, гематологиялық немесе басқа да аурулары бар науқастар үшін сүйек кемігін немесе дің жасушаларын трансплантациялау көбінесе қалпына келтірудің соңғы мүмкіндігі болып қала береді. Үйлесімділік факторы өте төмен. Трансплантацияға мұқтаж реципиент үшін үйлесімділік генотипі сәйкес келуі және табылуы мүмкін 10 мыңнан бір ғана мүмкіндік бар деп саналады. Олар оны сүйек кемігі донорларының нақты тізілімінен табады.


Қазақстанда гемопоэтикалық дің жасушалар донорларының ұлттық тіркелімі (ГДЖ) бар, алайда оның шектелуі генотиптің сирек кездесетін сәйкестігі факторымен бірге науқасқа көмек әрдайым көрсетіле бермейтініне, яғни донорды іздеу оң нәтиже бермейтініне әкеп соғады. Ал ГДЖ донорларының еуропалық деректер банкінен іздеу Қазақстандағы іздеу мен операция құнынан асатын тым жоғары құнға жұмсалады. Сондықтан қазір қоғам мен мемлекет алдында тұрған ең маңызды міндет – сүйек кемігін трансплантациялауды қажет ететін науқастардың өмір сүру мүмкіндігі болуы үшін сүйек кемігі донорларының ұлттық тізілімін жаңа донорлармен толықтыру.

ГДЖ донорларының қатарын жаңа әлеуетті донорлармен толықтыру мақсатында 6-7 тамыз күндері «Генетикалық егізіңнің өмірін құтқар!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Бұл акцияның мақсаты – шығысқазақстандықтарды ГДЖ донорларының қатарына қосу, сол арқылы ГДЖ донорларының ұлттық тіркелімін жаңа әлеуетті өмірді құтқарушылармен толықтыру. Бұл күні ГДЖ донорларының қатарына ШҚО-ның  32 тұрғыны кірді. Олардың жасаған ерліктері, азаматтарымыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. ГДЖ донорлар тізіліміне кірген донорлар қан орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар