Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауынан 35 өлі итбалық табылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, жануарлардың өлекселері қатты ыдыраған күйде болған. Мамандардың болжамынша, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын өлген болуы мүмкін.
Ғалымдардың айтуынша, жануарлардың қырылуына иммунитеттің әлсіреуі және ағзаның түрлі инфекцияларға төзімділігінің төмендеуі себеп болуы ықтимал.
Қазір алынған сынамалар мен зертханалық үлгілер сараптамаға жіберілген. Мамандар Каспий жағалауындағы мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр.