Ғалымдар Күндегі күшті жарқылды тіркеді

Самал Асқар 13 нау. 2026 17:28

Күнде соңғы үш аптадан бері алғаш рет қуатты жарқыл тіркелді, деп хабарлайды Dala News.

Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн-жер физикасы институтының Күн астрономиясы зертханасының мәліметінжаше, сәуле шығару шегі Мәскеу уақыты бойынша 12:55-те тіркелген, ал жарқылдың жалпы ұзақтығы 20 минутқа созылған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс соңғы бір айға жуық уақыт бойы жалғасқан төмен белсенділік кезеңінде болғандықтан ерекше назар аудартып отыр.

Зертхана дерегінше, мұндай деңгейдегі соңғы жарқыл 25 ақпанда тіркелген.

Сонымен қатар мамандар жарқылдың орналасқан аймағы Жерге әсер ету ықтималдығын жоққа шығаратынын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove