ФИФА-ға Қазақстанның футбол федерациясы президентінің үстінен шағым айтылды

Dalanews 11 шіл. 2016 04:09 871

ФИФА-ның этика комитетіне Қазақстанның футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапановтың Кәсіби футбол лигасының кеңесіндегі іс-әрекетіне байланысты шағым келіп түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетсек, 18 мамырда Е.Қожағапанов лига жиналысына шақыртусыз келіп, ұйым президенті Олжас Абраевты отставкаға жіберу туралы өзінің шешімін клуб басшыларына қолдауға мәжбүрлеген. Оқиғада балағат сөздер айтылып, клубтарды прокуратура арқылы тексерту және жекелеген жетекшілерді темір торға тоғыту жөніндегі жөнінде қоқан-лоққы жасалған.

Бұдан кейін Бас прокуратура сайтында ешқандай тексеру жоспарланбағанын, ал ҚФФ президенті бас прокурормен кездеспегені жөнінде ақпарат шықты.

Сондай-ақ жиынның бейне жазбасы желіге таралып, Қазақстанда көп көрілді.

ФИФА-ның этика комитеті шағымды қанағаттандырған жағдайда Ерлан Қожағапановқа ірі көлемде ақшалай айыппұл салынып, оның футбол қызметімен айналысуына тыйым салынады.

Дереккөзі: Қазақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар