Футболдан тікелей эфир тарататын телеарналардың сайттары істемей қалды

Сағыныш Сардарова 30 қыр. 2025 22:10

"Қайрат" пен "Реалдың" арасындағы ойын барысында Qazaqstan және Qazsport телеарналарының сайттары жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Qazaqstan және Qazsport арнасының сайтына кіріп, онлайн трансляцияны қосуға әрекет жасағанда "Сервер табылмады" деген жазу шығады.

Кей уақытта ғана трансляция ашылады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының екінші турындағы "Қайрат" – "Реал" матчі Алматыда сағат 21:50-де басталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар