Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Dala News тілшісінің мәліметінше, 18 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында іс бойынша алдын ала тыңдау басталған. Істі судья Меруерт Абаева қарап жатыр.
Сот отырысына екі мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Абуов пен Саяжан Серикова, қаза болған фельдшердің анасы Салима Омарова және марқұмның жұбайы Әділет Зейнел қатысып отыр.
Айта кетейік, Жоғарғы сот сот отырысының тікелей трансляциясын ашық қолжетімділікке ұсынды.
Іс бойынша сотталушылар орындығында Улдана Мырзуан қаза болған үйдің ОСИ төрайымы Сауле Жубаниязова отыр. Алдыңғы сот отырысында ол өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеген.
Бұған дейін Әділет Зейнелдің адвокаты Мұрат Мауметов журналистерге оның жәбірленуші мәртебесінен бас тартып, бұл мәртебені Улдананың анасына беруді сұрайтынын айтқан. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмаған. Әділет Зейнел журналистерге түсініктеме беруден бас тартты.
Улдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы, «Міндеттерге адал қарамау» бабы бойынша қаралып жатыр.