Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі таңда Ресейдің санкция салынған тұлғаларының тізімін ЕуроОдақ елдерінің үкіметтері бекіту үстінде. Санкциялардың алтыншы пакетінде Ресей мұнайынан жыл аяғына дейін бас тарту көзделген.
Путиннің нақсүйері Алина Кабаева «Ұлттық медиа групп» холдингтік компанияның иесі болып табылады. Аталмыш холдингте Кремльдің пропагандасымен айналысып, санкцияға ұшыраған мемлекеттің арналардың үлесі бар екен.
Мұндай жағдайда «Ұлттық медиа групп» компаниясының қожайыны да Батыстың санкциясынан құтыла алмайтыны анық.
Путиннің досы, миллардер Юрий Ковальчук «Ұлттық медиа групп» компанияның басшысы қызметіне Алина Кабаева 2014 жылы тағайындаған болатын. Бұған дейін ол Ресейдегі «Единая Россия» билік партиясының атынан жеті жыл бойы Мемлекеттік думада депутат болған.