Қазір өзен түбін тереңдету және ұзындығы 2 шақырымнан астам арнаны кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Негізгі мақсаты-қала аумағын тасқын су басудан қорғау. Бұдан басқа, жағалау аумағы абаттандырылады: жарықтандыру тіректері, орындықтар, урналар орнатылады және брусчатка салынады. Бөгет құрылысының аяқталу мерзімі-2020 жыл, арнаны қайта жаңарту ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.