Freedom Inside '26

"Есі дұрыс адам болса, үйленуі керек": Сәрсемәлиев қайын ағасы туралы шындығын айтты

"Есі дұрыс адам болса, үйленуі керек": Сәрсемәлиев қайын ағасы туралы шындығын айтты
Dalanews.kz коллажы

Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты атышулы сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің тергеу кезінде берген жауабы түсірілген бейнежазба ұсынылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сотта көрсетілген видеода Сәрсемәлиев бұрынғы қайын ағасы, марқұм Наурыз Мұқанғалиевпен арада болған жанжалға қатысты өз нұсқасын баяндаған. Бейнежазба 2026 жылдың 9 наурызында түсірілгені айтылды.

Айыпталушы тергеу тобына берген жауабында Наурыз Мұқанғалиев туралы пікір білдіріп, оның отбасылық жағдайына да тоқталған.

"Наурыз бойдақ еді. Оның үстіне психикасы қалыпты емес. Ашулы. Сосын ғой үйленбей жүргені. Енді дұрыс адам болса, жасы 30-дан асты, үйленуі керек қой", – деген Сәрсемәлиев бейнежазбада.

Сот барысында бұл видео айыпталушының қылмыс мән-жайын қалай түсіндіргенін көрсету үшін ұсынылды. Онда Сәрсемәлиев марқұм Наурыз Мұқанғалиевпен жанжалдың қалай басталғанын және оқиғаның қалай өрбігенін баяндаған.