Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Ақорда

Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін, 2023 жылы 1 қыркүйекте ол Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған еді. Сонымен қатар, Қаржы министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде қызмет атқарған.