Президент Режеп Тайып Ердоғанның жарлығына сәйкес енді Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары Түркияда шетелдік болып саналмайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа заң түркі елдері азаматтарының жұмысқа орналасуын және кәсіпкерлікпен айналысуын жеңілдетеді. Енді оларға азаматтық алу немесе күрделі жұмыс рұқсаттары қажет емес. Тек әскери және құқық қорғау органдарына қызмет ету мүмкіндігіне шектеу қойылады.
Енді бұл елдердің азаматтары түріктермен тең дәрежеде кәсіби бірлестіктерге тіркеле алады, бірақ сайлауға қатысу құқығы болмайды.
Бұл шешім Габалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінен кейін қабылданды. Саммитте мемлекет басшылары экономикалық интеграцияны тереңдетіп, жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге келіскен.